• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Сәуір, 2024

Астаналық бухгалтердің 7 жыл бойы жасырған қылмысы әшкереленді

122 рет
көрсетілді

Елорда прокуратурасы қаладағы мектептердің бірінде бюджет қаражатын 7 жыл бойы жымқырып келген бухгалтердің қылмысын әшкереледі, деп жазады Egemen.kz.

Ол ұзақ жылдар бойы мектепте қызмет етпеген адамға жалған жалақы мен сыйақыларды заңсыз аударған.

Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн теңгеден асты. Тергеу барысында мектеп бухгалтері кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен айыпталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Келтірілген материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.