Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы лауазымына Әлия Бекешева тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлия Аюпқалиқызы 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1995 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының дәрігер-эпидемиологы болып бастаған. 1995-2013 жылдары Атырау қалалық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында дәрігер-эпидемиолог, санитарлық дәрігер, еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы бөлімдерінің басшысы болған.
2013-2021 жылдары аралығында Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы, бөлім басшысы лауазымында жұмыс істеген. Ал 2021 жылдан осы тағайындауға дейін департамент басшысының орынбасары қызметін атқарды.