1 мамырдан 2 мамырға қараған түні Ақмола облысындағы жеке үйден өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Осы түні Ақмола облысындағы Жаңақима ауылдық округінде жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт болды. Жылыту пешінен ақау шығып, салдарынан 50 жастағы ер адам көз жұмды», делінген хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, ер адам көміртегі тотығымен уланып қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.