Атыраулық 20 жастағы жігіт жедел жәрдем фельдшерін ұрған. Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 1 мамырда болған.
«Атырау қаласында түнгі сағат 3:40 шамасында жедел жәрдем қызметінің фельдшерін ұрып-соққан күдікті анықталып, ұсталды. Күдіктінің жасы – 20-да. Наркологиялық тексерудің қорытындысымен күдіктінің жеңіл дәрежеде мас екені анықталды. Ұсталған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері күдіктіні қамауға алды. Тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр.