Полиция қызметкерінің формасын киген ер адамның күдікті әрекеттері желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Көп ұзамай тәртіп сақшылары Талғар ауданының 31 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Polisia.kz мәлім еткендей, жанармай құю бекетіне полиция формасын киіп барған ер адам шын мәнінде полицияда жұмыс істемейтінін мойындады. Анықталғандай, ол қаладағы әскери киім дүкенінен арнайы форма сатып алған.
«Жалған полицей қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Аталған әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіретіндіктен, оларға қатаң түрде тосқауыл қойылады», делінген хабарламада.