• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Мамыр, 2024

Оқушылардың ғарыш әлемі

117 рет
көрсетілді

Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушы­лары ғарыштық зерттеулер бағытындағы халықаралық са­йыста жүлде алды. Жас өнертапқыштар жасаған «Атлас» аппаратына қазылар алқасы ерекше қызығыпты.

«Ғылым әлемін ашамыз» деп аталатын жобалар сайысы сәуір айының соңғы күндері Астана қаласында өткен еді. Байқауға ал­дын ала іріктеуден өткен 94 оқу­шы­ қатысып, бақ сынаған.

Оралдағы зияткерлік мек­теп­тің 11-сынып оқушылары Махамбет Өтепқали мен Нұр­сұлтан Зинуллин «Күн жүйесі» сек­циясы бойынша сайыста 2-орынға ие болды. Ал 9-сынып оқушысы Қайдар Молдаш «Ғарыштық ақпараттық техникалар және модельдеу» бағытында 2-орынды иемденді. Жас өнер­тап­қыштарды ұстаздары Өмір­ғали Молдашев, Эльмира Муса­ғалиева, Медет Бисе­кенов баулыған екен.

– Мен ғарышкерлерге түр­лі­ жат­тығу жасатып, зерттеу жүр­­­гізетін қондырғы жасадым. Бұл қон­дырғы ғарышкерлердің кез келген жағдайда өзін жайлы сезінуін, түрлі сәтте өз реакция­сын қалпында ұстауын қамта­масыз етеді, – дейді жас өнер­тап­қыш Қайдар.

Ал Махамбет пен Нұрсұл­тан­ның жұмысы – «Атлас» ғарыштық зерттеу аппараты деп аталады. Бұл жоба планетааралық кеңістікті, олардың табиғи серік­терін зерттеу­ге арналған екен. Сондай-ақ бұл аппарат ға­рыш кеңістігінде түрлі физика­лық, химия-биология­лық тәжіри­бе­ жүргізе алады. Жобаның бор­тындағы түрлі зерттеу құ­рыл­ғысы, жасанды интеллект қондырғысы және алуан­ жасуша салынған капсулалар қазылар алқасының айрықша қызығушылығын тудырыпты.

 

Батыс Қазақстан облысы