Құлсары қаласының су басқан аумақтарынан су тарту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атырау облысы Төтенше жағдайларды жою штабының мәліметінше, бүгінде тартылған судың жалпы көлемі 3 миллион 500 мың текше метрді құрайды. Төтенше жағдайларды жоюға Төтенше жағдайлар министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың және өндірістік мекемелердің күштері жұмылдырылды.
«Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2 723 тұрғын үй ауласы, 257 кәсіпкерлік және 29 әлеуметтік нысан судан тазартылды», делінген жедел штаб хабарламасында.