ҚР Оқу-ағарту министрлігі биылғы су тасқыны салдарынан зақымданған мектеп пен балабақша санын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрлік хабарлағандай, Қазақстан бойынша су тасқынынан 26 орта және орта-техникалық білім беру ұйымы зардап шекті. Қазіргі уақытта оның 11-і штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Зардап шеккен 26 ұйымның қатарында 1 балабақша мен 1 колледж жатақханасы бар екенін айта кету керек.