• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Заң 05 Мамыр, 2024

Ақмола облысы полициясының лауазымды қызметкері мас күйінде ұсталды

190 рет
көрсетілді

Ақмола облысы Полиция департаментінің басқарма басшысы Астана қаласында мас күйінде ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Астанада мас күйінде көлік жүргізген полицей жұмыстан шығарылуы мүмкін. 

Ақмола облысының полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді.

– Мас күйінде автокөлікті жүргізгені үшін Ақмола облысы ПД қызметкері жауапқа тартылды. Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша жұмыстан шығарылғанға дейін тәртіптік сипаттағы қатаң шаралар қабылданады, - делінген хабарламада.