Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында 929 (қауіпті шегі – 850 см) сантиметрге жетті. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының бүгінгі сағат 08.00-дегі мәліметінше аталған гидробекетте су деңгейі бір тәулікте 30 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Kazinform хабарлағандай, Жайық суы Ақжайық ауданы арқылы Атырауға қарай өтіп жатыр.
Есесіне Жайық өзенінің басқа гидробекеттерінде су деңгейі түсіп келеді. Бәйтерек ауданы Январцев ауылында қазіргі уақытта 796 (-4, қауіпті шегі – 1 250 см), Орал қаласында 786 (-6, 850 см), Көшімде 809 (-4, 850 см) сантиметрді көрсетті.
Сондай-ақ Көшім каналында 4 сантиметрге (753 см, қауіпті шегі – 800 см) төмендеген.