• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Мамыр, 2024

Студент қыздардың тараған жеке дерегі: кім жазаланды?

148 рет
көрсетілді

Цифрлық даму министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне студент қыздардың желіде тарап кеткен жеке деректеріне байланысты сұрау салып, түсініктеме алды. Сұрау нәтижесінде заңсыз әрекет жасаған тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Университетпен шарт негізінде әрекет ететін медициналық ұйымның қызметкері осы жылдың 6 ақпанында WhatsApp арқылы флюорографиялық зерттеуден өту үшін студенттер тізімі жинақталған Excel форматындағы құжаттарды жіберген. Құжатта студенттердің аты-жөнінен басқа, медицина қызметкерінің құпиясына жататын мәліметтер де ашық жолданған еді.

Алайда Цифрлық даму министрлігі осы іске қатысты ведомоствоға жеке деректері тізімде болған азаматтардан өтініштер түспегенін мәлімдеді.

«Алматы қаласының Полиция департаменті Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады. Осы іс шеңберінде министрлік қызметкерлері маман ретінде тартылды, нәтижесінде университеттің іс-әрекеттері бойынша сараптамалық қорытынды ұсынылды», делінген министрлік хабарламасында.

Қылмыстық істің қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық фактілері болмаған жағдайда Цифрлық даму министрлігі әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қадағалайды.