Хабарламада: «Мемлекет басшысы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Сондай-ақ Ақорданың баспасөз қызметі: «Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», деп жазды. Аталған Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.