• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Мамыр, 2024

Қоймаларға жиналған тасқын суы ауыл шаруашылығында қолданылады

127 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 92%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр. Өңірде су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр. Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі - 786 см. Ол бір тәулікте 6 см-ге төмендеді. Осы және еліміздің басқа да өңірлеріндегі су қоймаларындағы жағдай туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100% толды. Есіл өзеніндегі су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр.

Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі-1141 см. Ол бір тәулікте 21 см-ге төмендеді.

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толды. Екі нысан да штаттық кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр. Аймақта тасқынның белсенді кезеңі аяқталды. Астананың қорғаныс бөгетінен Есіл өзеніне тәулігіне 4,32 млн текше метр су жіберіледі.

Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші - 96%. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші - 83%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 43,1% толды. Аймақта су тасқыны жалғасып жатыр. Шүлбі су қоймасына бүйірлік салалардың ұлғаюына байланысты Ертіс өзеніне ағындар жалғасты. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сәйкес жұмыс істейді.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде тасқынның белсенді кезеңі өтті.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші - 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақтағы су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Қоймаларда «Қазсушар» мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізу жалғастырылып отыр. Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.