• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Мамыр, 2024

Төрт жасар бала 5-қабаттан құлап кеткен

147 рет
көрсетілді

Павлодарда 9 мамырда төрт жастағы қыз бала 5-қабаттан құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы мәліметінше, шақырту сағат 14.50-де түскен. Биіктен құлағанын ескерген бірінші санатты жедел жәрдем дәрігерлері оқыс оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен.

Зардап шеккен бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қыз балаға жабық бассүйек-ми жарақаты және миы шайқалған деген диагноз қойылғанын нақтылады. Ол  қазір травматология бөлімінде жатыр, денсаулығы орташа ауыр деп бағаланып отыр.