Дзюдодан Қазақстан құрамасының үздігі, тәжірибелі спортшы Елдос Сметов Астанадағы Grand Slam турнирінде бірінші белдесуін өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Елдос Сметов Олимпиада жолдамасы сарапқа салынып жатқан сайысты сәтті бастады.
Ол алғашқы айналымда португалиялық қарсыласы Родриго Коста Лопесті «иппон» әдісімен ұтты. Балуанның келесі қарсыласы Марокко мен Вьетнам балуандары арасындағы тартыстың жеңімпазы болмақ.
Айта кетейік, осы салмақта татамиге шыққан екі балуанымыз - Шерзод Давлатов пен Дәурен Сүйеукенов бірінші белдесуінде жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.