• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Мамыр, 2024

Атыраудағы Махамбет ауданының тұрғындары Мақат ауданына көшірілуі мүмкін

347 рет
көрсетілді

Атырау облысындағы Мақат ауданында 9 эвакуациялық пункт дайындалып жатыр. Бұл пункттерде 560 орын бар.  

Атырау облыстық жедел штабтың дерегіне сүйенсек, су тасқынынан қауіп төнсе, Махамбет ауданының тұрғындары Мақат ауданына көшірілуі мүмкін.

«Мақат ауданындағы 9 эвакуациялық пункт Мақат және Доссор кентінде, Бәйгетөбе ауылындағы мектептер мен спорт кешендерінде, жергілікті колледжде дайындалып жатыр. Қазір М.Баймұханов, Х.Санбаев атындағы орта мектептер, Мақат мұнай-газ технологиялық колледжі, Мақат аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Мақат аудандық №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қажетті төсек жабдығымен қамтамасыз етілді. Тасқын судан қауіп төнген жағдайда бұл эвакуациялық пункттерге Махамбет ауданынан тұрғындарды уақытша көшіру жоспарланып отыр», деп хабарлады облыстық жедел штабтан.