• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Мамыр, 2024

54 мыңнан астам адам үйіне оралды

101 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.                                                   

Республика бойынша 54 мың 389 адам үйіне оралды. Ал уақытша паналау бекеттерінде 5 мың 281 адам орналасқан, оның ішінде 2 мың 242 бала бар.

Сандық деректерге көз жүгіртсек, 5281 тұрғын үй және 2242 аула аумағынан су бұрылып, 18,2 млн астам текше метр еріген қар суы шығарылған, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Жедел желі телефонына 2261 қоңырау түскен.