• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Мереке 12 Мамыр, 2024

Бүгін елімізде алғаш рет жаңа мереке тойланып жатыр

265 рет
көрсетілді

Бүгін елімізде алғаш рет халықаралық «Аналар күні» мерекесі тойланып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Халықаралық «Аналар күні» мамыр айының екінші жексенбісінде тойланады. 

Қазақстанда аталған мереке биыл, 2024 жылдың 12 мамырында алғаш рет тойланып жатыр.

Бұл мейрамды әлемнің 20 мемлекеті атап өтеді. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия және Аустралия сынды елдер бар.

Халықаралық «Аналар күні» - әлемнің жарығын сыйлаған, жүрегі мейірімге толы, перзенті үшін барлық кедергілерді еңсеруге дайын аяулы аналараға алғыс айту, әйелдің қоғамдағы әлеуметтік рөлін нығайту мақсатында пайда болған.

Мәдениет және ақпарат министрлігі осы мерекені тойлау барысында биылғы 6 мамыр - 12 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде 600-ден астам түрлі іс-шара өткенін мәлімдеді.