• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Мамыр, 2024

Илья Илин қызына «бесікке салу» рәсімін өткізді

816 рет
көрсетілді

Қазақстанның ауыр атлеті Илья Ильин отандық телебағдарламалардың бірінде баласына «бесікке салу» салтын өткізгенін айтты. Рәсім тікелей эфирде көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үш жасар қызы Айлидің қазақ салтымен бесікке бөленуі туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Ұлттық рәсімді мейірімді, дана әже өткізді. Бұл баланың ақылды, мейірімді, дені сау, бақытты қыз болып өсуі үшін жасалды», деп жазды Илья Ильин.