5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық шеңберінде Семейде дәстүрлі садақ атудан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Кубогі аяқталды. Оған қатысқан 300-ден астам садақшы 4 түрлі нысана бойынша сайысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт қауымдастығы жариялаған үздік садақшылар тізімі: Пута нысанасы: Ерлер: 1-орын - Ербол Тапенов (Астана) 2-орын - Али Сесигюзел (Атырау) 3-орын - Мақсат Әбдікеримов (Шымкент) Әйелдер: 1-орын - Айкөркем Батихан (Астана) 2-орын - Динара Жаксылыкова (Астана) 3-орын - Ажар Төлеуқанова (ШҚО) Қалқан нысанасы: Ерлер: 1-орын - Абылайхан Қанат (Астана) 2-орын - Қасымхан Қанат (Астана) 3-орын - Ахмет Мугалов (Алматы облысы) Әйелдер: 1-орын - Динара Жақсылықова (Астана) 2-орын - Кая Мазнева (Қарағанды) 3-орын - Ажар Төлеуқанова (ШҚО) Жамбы нысанасы: Ерлер: 1-орын - Қасымхан Қанат (Астана) 2-орын - Азамат Нуртаев (Ақмола облысы) 3-орын - Мақсат Әбдікеримов (Шымкент) Әйелдер: 1-орын - Ольга Коволева (Қарағанды) 2-орын - Майгүл Нұрғалиева (Астана) 3-орын - Айкөркем Батихан (Астана) Командалық жарыс: 1-орын - Батыс Қазақстан облысы 2-орын - Маңғыстау облысы 3-орын - Ұлытау облысы Жалпы есеп: 1-орын - Астана қаласы 2-орын - Қарағанды облысы 3-орын - Батыс Қазақстан облысы