«Қазгидромет» РМК 14 мамырда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылысының болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстан аумағы арқылы жылжып, елімізде найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Тек елдің батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте және орталықта екпінді жел соғады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Түнде Қостанайдың солтүстігінде, Ақтөбенің солтүстігінде, Солтүстік Қазақстанның батысында 2 градус аяз күтіледі. Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, Қостанай облыстарында, Атырау облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында өрт қаупі жоғары, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. Қызылорда облысының Қазалы ауданында, батысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.