• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Мамыр, 2024

Ақмола облысында мотоцикл мінген жасөспірім сегіз жасар баланы қағып кетті

185 рет
көрсетілді

Оқиға Біржан сал ауданының Бұланды ауылында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұланды ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны мемлекеттік нөмірі жоқ Sonlink мотоциклін басқарып келе жатып, жол жиегіне шығып кеткен сегіз жастағы велосипед мінген баланы қағып кетті», деп хабарлады Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан түрлі жарақат алған бала Макинск қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Полиция оқиғаға қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу амалдарын бастады.