• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Мамыр, 2024

Екібастұзда баласын аштан өлтірген анаға үкім шықты

106 рет
көрсетілді

Екібастұзда баласын аштан өлтірген әйелге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екібастұз қаласы Шідерті ауылының тұрғыны 2023 жылдың 10-17 қарашасы аралығында өзінің сегіз айлық баласына немқұрайды қарап, оны жеткілікті мөлшерде тамақтандырмағаны, соның салдарынан нәресте шетінеп кеткені анықталды. 

Әйел өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінді.

Сондай-ақ оның кінәсі сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен, сарапшылардың айғақтарымен, басқа да құжаттық және заттай дәлелдемелермен дәлелденді.

Прокурор сотталушыға бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі жазалау барысында мемлекеттік айыптаушыны қолдады. Сотталушы оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Сот сотталушының жеке басын және отбасылық жағдайын ескере отырып, оны бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Қалған екі кішкентай балаға қатысты әйелдің ата-аналық құқықтары шектеліп, олар Екібастұз қалалық білім бөлімінің қамқорлығына беріледі деп шешілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.