Ұлттық киноны қолдау орталығы алғаш рет 77-халықаралық Канн кинофестивалі аясында «Marche Du Film» кинонарығына қатысып жатыр.
Қазақстан делегациясы қатысушыларға «Кazakhcinema» стендін ұсынды. Стендте отандық киноөндіріс, Ұлттық киноны қолдау орталығының қызметі, сондай-ақ болашақ жобалар туралы мәліметтер көрсетілген.
«Кazakhcinema» шетелдік фильмдер өндірісін субсидиялау жүйесін (рибейт) танымал етуге назар аударады. Оның құқықтық негізі Қазақстан Республикасының «Кинематография туралы» заңының қабылдануымен қамтамасыз етілген.
Біздің «Marche Du Film» нарығына қатысудағы негізгі мақсатымыз – бірлескен киноөндірісті дамыта отырып, ше-телдік серіктестерді тарту, сондай-ақ отандық фильмдердің танымалдылығын арттыру.
Айта кету керек, еліміз Халықаралық кино нарығына үздіксіз қатысып келеді. «Marche Du Film» 1959 жылы құрылған, жыл сайын Канн кинофестивалімен қатар өтеді.
Аталған ауқымды мәдени іс-шара – киноиндустрия әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Кинонарық 23 мамырға дейін жалғасады.