• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Мамыр, 2024

Мұраға таласып анасын пышақтап өлтірген ер адам сотталды

214 рет
көрсетілді

Өзбекстанда қарт анасын пышақтап өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz UzNews.uz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 2023 жылдың қараша айында Сурхандарияда болған. Ер адам мен оның қарт анасының арасында келіспеушілік туындапты. Оған себеп қарт әйел немересінің күйеуіне мұрасының 40 пайызын бермек болған.

Анасының шешімімен келіспеген ер адам ұйықтап жатқан анасына бірнеше рет пышақ сұққан. Кетіп бара жатқанда ыңырсыған дауысты естіп, мойын тұсынан тағы бірнеше рет пышақ сұғып алған. 

Сот оны Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-бабының 2-бөлігімен (Адамды дәрменсіз жағдайда қасақана өлтіру) кінәлі деп танып, 18 жылға бас бостандығынан айырды.