• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Мамыр, 2024

Анна Данилина WTA турнирінің финалында өнер көрсетеді

55 рет
көрсетілді

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Данилина Пармада (Италия) өтіп жатқан WTA 125 сериясы турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жартылай финалда Қазақстан спортшысы Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачеваның дуэті Анна Сискова/Мириам Колодзиева (Чехия) дуэтінен басым түсті.

«Чех теннисшілері бірінші сетті Анна мен Иринаның пайдасына 6:1 есебімен аяқтап, жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты», деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

Анна Данилина мен Ирина Хромачеваның финалдағы қарсыластары кейін анықталады.