Қаржы министрі Мәди Тәкиев Мәжілістегі баяндамасында Ұлттық қор қаражатын басқару тиімділігі бойынша оң өзгерістер байқалғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық қордың активтері өткен жылға қарағанда 10 пайызға өсіп, 65,7 млрд АҚШ долларын құраған.
«Кепілдендірілген трансферт 2022 жылы 4 трлн теңгеден 2023 жылы 2,2 трлн теңгеге (екі есеге дерлік) төмендеді. 2024 жылдан бастап кепілдендірілген трансферт мөлшері жылына 2 трлн теңгеден аспайды», деді Қаржы министрі.
Ал «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 2024 жылы 1 балаға есептелген сома 100,52 долларын құраған.