• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Банк 18 Мамыр, 2024

Қазақстанда 11,7 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды

182 рет
көрсетілді

Қазақстанның 97 мың тұрғыны соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш берген, деп хабарлайды Egemen.kz.

- Қазақстанда соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға 97 мың өтініш қабылданды. Оның ішінде 80 мың өтінішке бас тартылды. 11,7 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды. 25 млрд теңгеден астам есептен шығарылды. Заңға екінші деңгейлі банктермен реттеу бойынша құжат қосымшаларын алып тастау, берешек сомасын және кредиторды көрсетуді талап етпеу, өлшемшарттады кеңейту бойынша өзгертулер әзірленіп жатыр, - деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов журналистермен өткен кездесуде.

Оның дерегінше, республика бойынша Алматы облысы, Түркістан облысы, Алматы қаласы, Жамбыл облысы мен Қызылорда облысы тұрғындарынан банкроттыққа ең көп өтініш түскен.

Өз кезегінде Қаржы министрі Мәди Тәкиев халық арасында банкроттық бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізудің маңызды екенін баса айтты.

- Егер де адам банкрот деп танылатын болса, бірқатар шектеу шаралары бар. Мәселен, шетелге шығу, қосымша несие алу. Біз заңнамалық деңгейде бірқатар құжаттарды алып тастап отырмыз. Бұл жеке тұлғаларға өтінішті берген кезде қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалып отыр, - деді ведомство басшысы.