• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Мамыр, 2024

Бірнеше жолда Zerek-2 камералары қосылды

887 рет
көрсетілді

20-дан астам жаңа камера жылдамдық асырған жүргізушілер туралы ақпараттарды жібере бастады, деп хабарлайды Egemen.kz аlmaty-akshamy.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгіннен бастап 21 «Zerek-2» аппараттық-бағдарламалық кешені мына жолдарда штаттық режимде жұмыс істейді: Павлодар – Қалбатау, Бейнеу – Ақжігіт, Орал – Самара, Павлодар – Омск, Орал – Саратов.

Жылдамдық асырған жүргізуші туралы ақпаратты камера әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізіліміне жібереді.

Айта кетсек, осыдан бір жыл бұрын тура осындай бейнебақылау жүйесі Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Қонаев – Талдықорған, Астана – Павлодар тасжолдарында жұмыс істей бастады. Мәжілісмендер полицияға көліктің орташа жылдамдығын анықтауға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер жобасын екінші оқылымда қабылдады.