• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағзым 21 Мамыр, 2024

Көше аты берілді

103 рет
көрсетілді

Таяуда Щучинск қаласында ақын, қоғам қайраткері Марфуға Бектемірованың атына көше берілді. Сал­та­натты рәсім­ге есімдері елге белгілі қаламгерлер мен жырын жаттаған оқыр­­маны қатысты.

Ақын – жалаулы жасыл дү­ние­де аз ғана ғұмыр кешсе де, артындағы қара ормандай қа­лың еліне мол мұра қалдырған қа­ламгер. Марфуғаның бай мұ­расын шашау шығармай жи­нақ­тап, сөз өнерін сыйлап өскен елге таныстырып, табыс­тырып жүрген жары Есенгелді Сүйінов.

Туған жерінде құрметтеліп, көше атауының берілуі ақынға ғана емес, өлең сөздің өкіліне деген шынайы құр­мет десек, артықтығы болмас.

Салтанатты рәсімде қала әкімі Асхат Мұхамеджа­нов, облыстық мәдениет бас­қар­ма­сының басшысы Айгүл Сәби­това, «Amanat» партия­сы Ақмола облыстық филиа­лының қызметкері Ақманат Әлімбетова, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері Ораз Қауғабай, жазушы Асылбек Байтанұлы, ақын Құдайберлі Мырзабек тәрізді азаматтар қатысып, Мар­фуға Бектемірованың шы­­ғар­­машылығы туралы айтып берді. Мар­фу­ғаның осы Щучинск қала­сындағы мектеп-интернатта оқып, білім ал­ған­дығын айта кетуіміз керек.

Кеш барысында ақынның жүрек тебірентер өршіл өлең­де­рі оқылды. «Жан дүниемнің жаң­ғы­рығы» тақырыбындағы кітап көр­месі ұйымдастырылды. Осы­лайша, ойлы жанның көкі­регіне көп-көрім сезім сәулесін себез­гілететін шырайлы іс-шара ұйым­дастырылып, туған елі ақын тұғырын биігіне көтерді.

 

Ақмола облысы,

Бурабай ауданы