Қарқын алған өр суына байланысты бүгін, 22 мамыр сағат 21:00-ден бастап, «Атырау - Индер» трассасы уақытша жабылады. Бұл туралы облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бұған дейін 6 су өткізгіш құбыр салынған еді, қосымша тағы да осындай 6 құбыр салынғалы отыр. Құбыр орнату жұмыстары шамамен 24-30 сағатқа созылады деп жоспарланған.
Аталған жұмысқа қосымша 30 адам және 50 техника жұмылдырылады.