• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Университет 23 Мамыр, 2024

Кірпіштің жаңа түрі

77 рет
көрсетілді

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары кірпіштің жаңа түрін ойлап тапты.

Инновациялық өнімнің басты артық­шылығы – құны төмен, нарықтағы сапасы жоғары, экологиялық өнім саналады. Сонымен бірге аталған технологияның нарықтағы өзектілігі – кірпіш өндіру үшін жаңа композициялық материал­дарды пайдалану техникалық және эко­номикалық тұрғыдан негізделген. Бұл тұтынатын материалды азайтып қана қоймай, өндіріс шығынын 20 пайыздан астамға төмендетіп, кірпіштің сортын 50-ден 250 МПа-ға дейін арттырады.

Технологияның бірегейлігі мен жаңалығы – Екібастұз көмірінің күлін кәдеге жарату арқылы гиперпресстелген кірпіш өндіру технологиясына жаңа материалдар мен қалыптау режімдері пайдаланылады.

Бұл үшін құрал-жабдықтар толығымен алынып, цехқа желі орнатылды. Қазір өндірістік жүйе іске қосылып, қажетті шикізат пен материалдар жеткізіліп отыр. ГОСТ 1078, ГОСТ 31108 сәйкес өндірісте қолданып байланыстыратын материалдарды сынау бойынша тиісті тәжірибе жасалды. Құрамында өндіріске қажетті цемент пен күлі бар композициялар сынақтан өтті. Кірпіш­ке арналған қоспалардың технология­лық параметрлері анықталып, қалып­ты тығыздық, күл мен күлді қосатын цемент пастасы физикалық-механикалық сынаулар арқылы, ал күлдің түсуін ба­қылау өндірісте қолданылатын қоспа­лардың қауіпсіздігін көрсететін рент­ген-флуоресценциялық талдау арқылы жүргізілді.

Шикізаттардың, қоспалардың және шыңдалған материалдардың пара­метр­лерін бақылау белгілі стандартталған әдістер бойынша: ГОСТ 30744-200, ГОСТ 10178, ГОСТ 3108, ГОСТ 8736-2014 арқылы атқарылды. Шикізат сапасының барлық көрсеткіші цемент үлгілерінің майысу және сығымдалуын сынау арқылы анықталды. Барлық өнімділік көрсет­кіші физикалық және химиялық талдау деректерімен және жоғары қысымды электронды микроскопиялық деректермен расталды.

Өнімдер нарыққа шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен «Astana Garant Consulting» ЖШС семинары арқылы шығарылады.

Биыл технологиялық көрсеткіш­тер­дің сапасын қамтамасыз ету, гипер­пресстелген кірпіш өндірудің техноло­гия­лық регламентін дайындап, өнімді сынау және сертификаттауға әзірлеп, дайын өнім­ді өткізу міндеттері қойылды. Қазір өнім­ді сертификаттау жұмыстары аяқталуға жақын.

Университет ғалымдарының айтуын­ша, гиперпрестелген кірпіштер өнді­­ріс қал­дықтарын пайдалану арқылы қор­­ша­ған ортаны қорғауға да айтарлықтай үле­сін қоспақ.