• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Мамыр, 2024

«Мас деп ойлаған»: Инсульт алған науқасқа дер кезінде көмек көрсетілмеген

166 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында жолда өзін жайсыз сезінген әйелді көшедегі бейтаныс адамдар №1 ауруханаға жеткізген. Миына қан құйылған науқасты дәрігерлер мас деп ойлап, көмек көрсетуден бас тартқан, бірақ науқастың құсқанын көрген кезекші дәрігер ішімдікке тойып алған деп, ұйықтатып тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

«Бірінші көмек көрсетілмеген. Кейін кезекші дәрігерге барсам, «Рентгенге түсірдік, қол-аяғы, басы сау, үйге алып кете беріңіз, жай ғана мас, ұйықтап жатыр», деді. Қалай енді бұл? «Уланған шығар, иісі жоқ» деп айтсам да, көңіл аудармады», дейді науқастың күйеуі Құттымұрат Азтаев.

Инсульт алған Қалдыкүл Мамытова палатада екі сағаттай жатып қалған. Күйеуі келген соң ғана токсикология бөлімшесіне апарып тексертіпті, сонда ғана инсульт белгілері анықталған. Дереу өзге ауруханаға апарып, басына ота жасалғанша, алты сағат уақыт өтіп кеткен. Миына көп қан құйылған 45 жастағы науқас комаға түскен.

Әйелінің мүлде ішімдік ішпейтінін айтқан күйеуі ісіне салғырттық танытқан дәрігердің үстінен полиция мен прокуратураға шағым түсірді. Ал ауырып келген адамды «мас» деп ойлаған дәрігер науқастың құсқанын көріп, қате жорамал жасадым деп ақталып отыр.

«Арбамен әкелді. Үсті-басы бәрі құсық. Ішкен шығар деп ойладым. Анализінен ештеңе шықпады. Анализ кейін көрсетеді. Сөйтіп токсикологияға тапсырып келіңдер дедім. Болды, басқа ештеңе болған жоқ», деді нейрохирург Қанат Мырзабаев.