• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сенат 24 Мамыр, 2024

Сенатор «ТМД елдеріндегі президенттік билік институты» конференциясына қатысты

105 рет
көрсетілді

ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Демократияның дамуын мониторингілеу халықаралық институты және ТМД ПАА Кеңесінің Хатшылығы ұйымдастырған «ТМД елдеріндегі президенттік билік институты» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп, оған Парламенттердің депутаттары, Орталық сайлау комиссияларының, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ ҚР Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров қатысып, президенттік институтты дамыту, сайлау үдерісінде цифрлық технологияларды қолдану, парламентаризм институты мен президенттік билік институтының өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы, сондай-ақ ТМД елдеріндегі басқару нысанын трансформациялау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Нұрлан Бекназаров өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ауқымды конституциялық реформалар жүзеге асып жатқаны, президенттік институттың конституциялық-құқықтық мәртебесі және ҚР Парламенті Сенатының заң шығару қызметі туралы айтты.

Сенатор Нұрлан Бекназаров ТМД Парламентаралық Ассамблеясының құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына да қатысып, мәселелерді басқа елдерден келген парламентшілерімен бірге қарап, құқықтық мәселелер бойынша сараптамалық қорытындыны тыңдады.

Комиссия отырысында Нұрлан Бекназаров отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларын реттейтін үлгі заң актісінің жобасын әзірлеу мәселесін күн тәртібіне енгізу туралы ұсыныс жасады. Аталған бастаманы комиссия мүшелері бірауыздан қолдады және ТМД ПАА үлгі заң шығарудың келешек жоспарына «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды құқықтық реттеу туралы» үлгі заң әзірлеуді енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл ретте аталған үлгі заңды әзірлеуші болып ҚР Парламентінің Сенаты белгіленді.