Оралда жұмысшы кірпіш зауытындағы станокқа қысылып, көз жұмды. Қайғылы оқиға кеше, 27 мамыр күні болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
51 жастағы ер адам ауруханаға жетпес бұрын көз жұмды.
БҚО еңбек инспекциясы қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.
«Нәтижелер тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады», деді БҚО еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Арман Түйгінбетов.