Аңыз-тұлға Леонардо да Винчидің ең жұмбақ әрі құнды туындыларының бірі – La Bella Principessa Варшава кодексінің Сфорциядасынан алынған сурет. Қылқалам шеберінің пергаменттегі жалғыз туындысы Қазақстан жұртшылығының назарына ұсынылмақ.
Бұл мүмкіндік Астанадағы Италия елшілігінің, ForteBank, Mastercard, Scripta Maneant және Италия мәдениет институтының, сондай-ақ еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады. Көрме Астанадағы Ұлттық музейде 7 маусым мен 4 тамыз аралығында өтеді.
La Bella Principessa – XV ғасырдың аяғында Леонардо да Винчи салған италиялық ақсүйектер отбасынан шыққан жас қыздың портреті. Италия елшілігінің хабарлауынша, бұл туынды – шебердің жұмбақ әрі тартымды туындыларының бірі. Бұған дейін картина әлем бойынша 5 рет қана қойылған.
«Мәдениетті ілгерілету – Италия мен Қазақстан арасындағы диалогтің қуатты қозғалтқышы. Леонардо – мәңгілік талант пен шығармашылық иесі. Оның бір туындысының
Астанадағы көрмесі – екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың бірегей мүмкіндігі», дейді Италияның Қазақстандағы елшісі Марко Альберти.
«ForteBank» АҚ басқарушы директоры Әлия Есжан да Леонардо да Винчидің өлмес туындысын әр адам жоғары эмоциямен тамашалайтынына сенімді.