• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Мамыр, 2024

Су тасқыны: 5307 адам әлі де эвакуациялау пункттерін паналап отыр

143 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10:00-дегі ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

 

Республика бойынша 63 009 адам өз үйлеріне оралды. 5307 адам эвакуациялау пункттерінде. 27,3 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылып, 8,1 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселген.

Еске сала кетсек, Атырау облысынан басқа барлық өңірде су тасқыны аяқталды. Елдегі су қоймалары 100 пайызға толуға жақын қалды.