Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы аумағында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолының 27-шақырымы тұсында жолаушылар автобусының мотор бөлшегі жанды, деп жазады Egemen.kz.
kaz.inform.kz-тен мәлім болғандай, жалын шарпыған мезетте автобуста 15 жолаушы болған, оның ішінде 7 бала көліктен өз бетінше шыққан.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын ала себебі – электр сымының қысқа тұйықталуы.