Астана қаласында 1 маусым күні есірткіге қарсы күрес және балаларды қорғау күніне орай бұқаралық велошеру өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 25 шақырым қашықтықта «Жасыл белдеуде», яғни «Үркер» (Ильинка) тұрғын алабының саябағында мәреге жетеді.
Велошеруге қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 07:00-ден 08:00-ға дейін жалғасады.
Басталуы: сағат 08:00. Тіркелу тегін.
Велошеру аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Веложарысқа әр қатысушы өз велосипедімен жіберіледі. Алайда шлемнің болуы міндеттеледі.