• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Мамыр, 2024

Махамбет ауданында Жайық өзенінің деңгейі төмендеп келеді

69 рет
көрсетілді

Ақжайық ауылына мол көлемде келген өр суының деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Бұдан бөлек Аққайың және Талдыкөл ауылдарында жағдай тұрақты деп бағаланып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы таратқан дерекке сүйенсек, Талдыкөл ауылын тасқыннан қорғау жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Аудан орталығымен қарым-қатынас үзілмеу үшін автокөлік жолдарын тасқыннан қорғау бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Ал ауыл айналасы 80 шақырымды құрайтын бөгетпен қоршалды. Бөгетті нығайту үшін 800 мыңнан астам құм толтырылған қап төселген. 

«Ауданымызда 60 тан астам шаруа-қожалық су астында қалды. Қазір шаруалар тарапынан тасқыннан зардап шеккені туралы өтініштер келіп жатыр, оны заң аясында тиісті мамандармен бірге қараймыз. Бір қуанарлығы, аудан бойынша ешқандай тұрғын үй суға кеткен жоқ», деді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.