• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Мамыр, 2024

70 мың гүл егілді

111 рет
көрсетілді

Облыс орталығы Қонаев қаласы күн өткен сайын көркейіп, гүлденіп келеді. Жуырда «Таза Қазақстан» акциясы аясында шаһардағы саябақтарға, ескерткіштердің маңына, көшелердің бойына көз қуантар 70 мың гүл егілді.

Гүлдендіру жұмыстарын «Жа­сыл қала Қонаев» мемле­кет­тік ком­му­нал­дық кәсіпорны жүзеге асырып жатыр. Жыл басынан бері аталған мекеме қалаға 500-ден аса ағаш көшеттерін отырғызған.

«Қаламыздың адам қызығар­лық ажарлы, көрікті болуы – бәріміз үшін зор қуаныш. Бүгінгі таңда отырғызылған бар­лық ағашты күтіп ұстау, жер­сіндіру мақсатында оларды дәрумендермен суарып жатырмыз. Бұл жолда қолданылатын микроэлементтердің адам денсаулығына ешқандай зияны жоқ, аллергия тудырмайды. Сондай-ақ тұрғындар өтініші бойынша жарамсыз ағаштарды кесу жұмыстары да жүзеге асы­рылады», дейді «Жасыл қала Қонаев» мемлекеттік ком­му­налдық кәсіпорнының басшысы Марк Бейдали.

Жаз маусымы басталғалы туристер саны еселеп артатын қаланың тазалығын сақтау үшін күн сайын 150 жұмысшы табанды түрде еңбек етеді. Сонымен қатар 25 техника жұмылдырылған.

Елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» науқаны аясын­дағы бес апталыққа 22 830 тұрғын қа­тысып, 2 251 ағаш отыр­­­­­ғы­зыл­ды.

 

Алматы облысы