• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Маусым, 2024

Боччадан ел чемпионаты аяқталды

65 рет
көрсетілді

Сенат төрағасы, Қазақ­­­­стан бочча феде­ра­ция­сының президенті Мәулен Әшімбаев боч­ча­дан дәстүрлі ел чем­пио­­натының жабылу рәсі­міне қатысты. Бес күн­ге жалғасқан сайыс­та еліміздің үздік бочча­шы­лары анықталды.

Мәулен Әшімбаев жарыс­тың тартысты өтуіне үлкен үлес қосқан параспортшыларға алғыс білдіріп, әр атлеттің дайындығы жоғары деңгейде болғанын атап өтті. Осы ретте биыл чемпионатқа қаты­сушылар саны былтыр­ғы­мен салыстырғанда екі есеге артқанын айта кеткен жөн.

«Биыл чемпионатты ұйым­­­­­дастыру деңгейі, спорт­шы­­­лардың дайындығы және қатысушылар саны айтар­лық­тай артқанын айрықша атап өткім келеді. Осыған орай Федерацияның және жеке өз атымнан баршаңызға алғы­сымды білдіремін. Мұның бәрі – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев­тың инклюзивті қоғам қалып­тастыруға арналған саяса­ты­ның нәтижесі. Сондай-ақ біз спорт­шыларымыздың кәсіби тұрғыда өскеніне ерекше қуаныштымыз. Бұл үздіксіз жаттығу мен табандылықтың арқасы екені анық. Сіздердің әрқайсыңыз осы чемпионатқа қатысу арқылы мол тәжірибе жинап, бұрынғыдан да мықты, төзімді және сенімді бола түстіңіздер», деген Мәулен Әшімбаев жарыс кезінде төрешілерге көмек көрсеткен еріктілерге де алғыс білдірді.

Айта кетейік, биылғы ел біріншілігінде параспортшылар жекелей сыннан бөлек, алғаш рет командалық және жұп­тық сайыста бақ сынады. Сондай-ақ Түркістан және Батыс Қазақстан об­лыс­тарының боччашылары Қазақстан чемпионаты­на бірінші рет қатысып отыр. Мәулен Әшімбаев Феде­ра­ция­ның алдағы жұмыс жос­пары туралы айта келіп, осы жарыстан кейін ұлттық құрамада өзгерістер болатынын жеткізді.

«Федерация чемпио­нат­тың қорытындысы бо­йынша ұлттық құрама­ның құрамын жаңартуды көздеп отыр. Бұл сайыста топ жарған спортшылар Польша мен Бахрейнде өтетін халықаралық жарыс­тарда ел намысын қорғайды. Сондай-ақ елімізде де халық­аралық турнирлер өткізу мәселесін қарастырып жатырмыз. Биыл ел чемпио­натын өткізу барысында алғаш рет Халықаралық бочча федера­ция­сының электронды базасы қол­данылды. Ол әр ойынның нәтижелерін онлайн режімде бақы­лап отыруға мүмкіндік береді. Бұл – елімізде халық­ара­лық жарыс өткізу жолында жасалған маңызды қадам. Ал­дағы жылдарда елордада әлемнің басқа елдерінен кел­ген боччашылардың қаты­суы­мен осындай жарыстар өткі­зуді жоспарлап отырмыз», деді Қазақстан бочча феде­рациясының президенті.

Биылғы чемпионатта жасөспірімдер арасындағы жекелей сында өз санаттары бойынша Аманай Батхонов, Ульяна Кудинова, Азамат Аманша, Ардақ Алтынбасов және Мадияр Мұратхан жеңімпаз атанды. Ал ересектер арасында Балжан Бөлекпаева, Қуаныш Асқарбеков, Итиана Шыңғысханова, Александр Курмантаев, Аружан Жеңіс, Темірлан Алтынсары, Эльмира Мусралиева және Рус­лан Ерембаев топ жарды. Жұптық сайыста Әлижан Бақыт­бекұлы, Карим Салимов, Аза­мат Аязбаев және Эльмира Му­с­ра­лиева жеңіске жетсе, ко­ман­далық сында Астана қа­ла­сының параспортшылары Итиана Шыңғысханова, Ме­руерт Тілебалды және Ерхат Ал­мат­қа тең келер ешкім болмады.