• RUB:
    5.17
  • USD:
    479.05
  • EUR:
    534.57
Басты сайтқа өту
Балалар 01 Маусым, 2024

Оқушылар «Ақорда» резиденциясын аралады

138 рет
көрсетілді

Оған еліміздің барлық өңірінен 81 бала, соның ішінде су басқан аймақтардан келген оқушылар қатысты. Ақорданың кішкентай қонақтарының қатарында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған іс-шара аясында балалар «Ақорда» резиденциясының орталық салтанатты холы мен ресми қабылдаулар және түрлі жиындар өткізуге арналған залдарын тамашалады. Резиденция аумағындағы бақты аралап көрді. Сондай-ақ балалар Қазақстан Президентінің жұмыс тәртібімен танысты, еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректерден хабардар болды.Жасөспірімдерге Мемлекет басшысының атынан естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар екі күндік саяхат кезінде оқушылар Президенттік орталық, Ұлттық музей, «Нұр-Әлем» павильоны сияқты Астананың көрікті жерлерін аралайды.