• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Бокс 01 Маусым, 2024

Париж-2024: Қазақстан боксшылары ширек финалдарда шайқасады

485 рет
көрсетілді

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінің 1/8 финалдарын жеңіспен аяқтаған екі боксшымыз енді 1/4 финалдарында шайқасады, деп жазады Egemen.kz.

Назым Қызайбай (50 келі) 1/8 финалда ұлыбританиялық Саванна Стублейден  5:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға өтті.

1/8 финалында Валентина Хальзова (75 келі) моңғолиялық Эрденетуя Энхбаатармен жұдырықтасып, қарсыласынан 5:0 көрсеткішімен ұтты.

27 жастағы Валентина Хальзова 2016 жылы әлем чемпионы атанып, 2022, 2023 жылдардағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. Ал 2017 жылы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алған.