Бүгін Таиланд астанасы Банкгогте өтіп жатқан лицензиялық турнир мәресіне жетеді. Жолдама тағдыры шешілетін маңызды күні үш Қазақстан боксшысы рингке шығады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан уақытымен 12:00-де 75 келіде бақ сынап жатқан отандасымыз Валентина Хальзова кездесу өткізеді. Оның қарсыласы колумбиялық Ширлейдиз Орозко.
Сағат 16: 30-да 50 келіде Назым Қызайбай солтүстік кореялық Канг Су Хуангтан айласын асыруға тырысады.
Ал 63, 5 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегі 17:30-да өтеді деп жоспарланған. Оның қарсыласы молдовалық Александру Парасчив.
Бокс бәсекесін Qazsport телеарнасы тікелей эфирде ұсынады.