Бүгін таңертең Абай облысы Мақаншы ауданында жатақханадан өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ведомствоның мәліметінше, өрт жатақхананың екінші қабатынан шыққан, аумағы 10 шаршы метрді қамтыған.«Өрт сөндірушілердің сауатты әрекеттерінің арқасында өрт таралып үлгермеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.