Өскемен қаласында дүңгіршек-павильонның ұрланғаны туралы тәртіп сақшыларына өтініш түскен екен, деп хабарлайды Egemen.kz.
ШҚО Полиция департаменті хабарламасында: «Өтініш берушінің айтуынша, белгісіз біреу еркін кіру арқылы оның дүңгіршегін жасырын түрде ұрлап кеткен, иесінің айтуы бойынша шығын 3 миллион теңгені құрайды», делінген. Күдікті анықталды. 49 жастағы қала тұрғыны қылмысын мойындады. Полицейлер ұрланған павильонды заттай дәлел ретінде тәркіледі. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.