• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2024

Тасқын: Атырау маңындағы бөгеттің бір бөлігін су шайып кетті

175 рет
көрсетілді

Судың қатты ағысы салдарынан Атырау қаласы маңындағы Ақжар ауылы тұсындағы жағалау бөгетінің 100 метрге жуық аумағын ағын су шайып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың ТЖ жөніндегі штаб мәліметіне сілтеме жасап.

Жайық жағасында су деңгейін бақылап тұрған кезекші құрам таңғы 4 шамасында бөгеттің бір бөлігін су шайып, құлап жатқанын байқаған.

«Біз ТЖ мамандарымен бірігіп, бөгетті жедел түрде нығайту жұмысына кірісіп кеттік. Қазіргі уақытта бұл жерге геомембрана төсеп, қосымша топырақ төгіп жатырмыз. Ағыстың күшімен шайылған бөгеттің аумағы 100 м құрайды. Жалпы су шайған бөгет аумағын шифер жабындық материалымен қорғаймыз деген жоспарымыз болды. Алайда, су деңгейінің тереңдігі кедергі келтірді», дейді 69-73 участок координаторы Қаһарман Рахметұлы.

Жедел жұмысқа Ақтау ТЖД қызметкерлері мен атыраулық 20-ға жуық ТЖД маманы жұмылдырылды. Спикердің айтуынша, құлаған бөгетті қалыпқа келтіру 90%-ға аяқталды. Нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.