• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Мәдениет 05 Маусым, 2024

Қытайда Қазақстанның мәдени орталығы ашылады

127 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісі «Қазақстан Үкіметі мен Қытай Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келісім 2023 жылғы 27 қарашада Астанада жасалған. Құжат мемлекет басшыларының Қытай мен Қазақстанда теңдестірілген негізде мәдени орталықтар құру туралы келісімі аясында әзірленді.

«Өздеріңіз білетіндей, Президенттің Қытаймен достық пен әріптестікке негізделген саясатының аясында қазір бірқатар үлкен бастама көтеріліп отыр. Соның бірі - Астана мен Бейжіңде өзара Мәдени орталықтар ашу туралы шешім. Осы орайда Қазақстанның Қытайдағы мәдени орталығы тарихымызда алғаш рет ұлтымызды аспан асты еліне кеңінен танытудың, екі ел арасындағы рухани байланысты жаңа деңгейге көтерудің, өзара халықаралық мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асырудың ірі әрі толыққанды ошағына айналдыру көзделіп отыр», деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мәжілістің жалпы отырысында.

Қазір министрлік тарапынан орталықтың концепциясы жасалып, мазмұны айқындалған.

Дәлірек айтқанда мәдени орталықта кино көрсетілімдері мен концерттік қойылымдарға арналған көпфункционалды зал, білім беру курстары, тренингтер, шығармашылық кездесулер өткізетін арнайы кеңістігі бар коворкинг орталығы, көрме өткізуге қолайлы экспозициялық мультимедиялық алаңша, еліміздің туристік әлеуетін көрсететін арнайы туризм бұрышы орналасады.

Мәдени орталық жіберуші тарап аккредиттеген және қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес істейтін коммерциялық емес ұйым ретінде жұмыс істейді.