«Қазгидромет» РМК синоптиктері 6, 7 және 8 маусымға арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Мамандардың болжамына қарағанда, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Ал елдің оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық күтіледі.
«7-8 маусымда солтүстікте, 7 маусымда, сондай-ақ 8 маусымда республиканың солтүстік, батыс, орталық және шығысында, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал», делінген синоптиктер хабарламасында.Елдің оңтүстігінде күндіз +35+43°C-қа дейін қатты ыстық болады, оңтүстік-шығыста ауа температурасы +35+40°C-қа дейін көтеріледі.
«Қазақстанның батысында 6-7 маусымда күндіз +30+38°С, 8 маусымнан бастап +25+30°C дейін төмендейді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, күндіз орталықта +22+30-дан +20+ 25°C-қа дейін төмендейді», дейді мамандар.